Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында оқушылар ұстаздарын аяусыз соққыға жыққан

Ақмола облысында музыка пәнінің мұғалімін 14, 15 жастағы екі жасөспірім соққыға жыққан. Таяқ жеген 22 жастағы Нұржан Мұхамеджанов Наурызбай батыр ауылынан ауыр халде Бурабай аудандық ауруханасына жеткізіліпті. Тепкінің астында қалған ұстаз басынан жарақат алып миы шайқалған, мұрын сүйегі сынып, бүкіл денесі көкала қойдай болған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Енді оның жақындары іс орта жолда жабылып қала ма деп қорқады. Өйткені бір-біріне бөле болып келетін қос жасөспірімнің жоғары қызметте туыстары бар екен.

2 жасөспірім 1 мың тұрғыны бар Наурызбай батыр ауылын үрейде ұстап отырған көрінеді. Олардан тіті мектеп мұғалімдерінің өздері қорқады екен. Бірнеше рет бұзақылық жасап, жазадан құтылған олар осы жолы да  тым еркінсіп жүр дейді ауыл тұрғындары.

Соққыға жығылған  Нұржан Мұхамеджановтың әке-шешесі мен бауырлары  бұл екеуі тағы жазадан құтылып кетпесе екен дейді. Өйткені әлгі бөлелердің бұған дейін де осыған ұқсас оқиғаларға қатысы болыпты. Яғни ұстазын ұрды деген күдікке іліккен екеуден балалары зардап шеккенін басқа ата-аналар да айтып отыр. Ал олардың соншалықты басбұзар екенін ұлымды қан-жоса еткендерді үйіне іздеп барғанда көрдім дейді мұғалімнің әкесі.

“Пышақты алып шығып ұмтылады. Атасы мен апасы ұстайды, болмайды штахетникті сындырады. Үлкен кісілерді ұрып жүр бұлар. Қазір білмеймін енді, өзіме қауіп төне ме, баламды өлтіріп кете ме?” – дейді зардап шегушінің әкесі Бижан Мұхамеджанов.

Оқиға 4 күн бұрын мына жерде болған. Ақ қарға тамған қып-қызыл қан әлі жатыр. Тіпті таяқ жеген мұғалімнің бас киімін де ешкім алмапты. Төбелесті   көргендер де бар. Бірақ ешкім көмекке келе алмаған.

“Қатты айғайлап көмек сұрады. Тепкілеп жатқан екі баланы тоқтатпақ болып айғайлап едім, олар «келсең, үйіңді өрте жібереміз» деді. Қорқып қалдым. Сұмдық қой мынау!” – дейді куәгер Валентина Шарапова.

Айыпталып жатқан бөлелердің бірі колледжде оқиды. Ол осы оқиғадан кейін ауылдан кетіп қалған. Ал 9-шы сыныпта оқитын екіншісі қазір полицейлерге болған жағдайды түсіндіріп жатыр. Бұл екі баланы да әке-шешелері ажырасып, нағашы ата-әжесіне тастап кетіпті. Оқушының өзі түк кінәм жоқ деп тұр.

Ол маған өзі тиісе бастады. Салып қалды. Сосын ағамды шақырдым. Ағам бір соқты, мен бір соқтым. Сосын жөнімізге кеттік. Оның әлгіндей күйге қалай түскенін өзіміз де білмейміз. Бәлкім, басқа біреу ұрған шығар”, – дейді күдіктінің бірі.

22 жасар музыка пәнінің мұғалімі жансақтау бөлімінде 2 күннен кейін есін жиған. Беті бері қарап қалған Нұржанның халі әлі де жақсара қойған жоқ дейді дәрігерлер. Әйтеуір, тілге келген.

“Қоңырау соғып  далаға шық деді. Маған құтырып, секірді. Мені құлатып, асфальтқа ұрды. Айғайладым көрші үйге жүгіріп калиткаға. Ешкім ашқан жоқ”, – дейді зардап шегуші Нұржан Мұхамеджанов.

Ал бұл төбелестің нақты недени болғанын екі тарап та жарытып айтпай отыр. Қазір екі жасөспірімге қатысты «Біреудің денсаулығына қасақана зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал болған іске ұстаз кінәлі ме, әлде оқушысы ма, оны тергеу көрсетеді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында әкесі өртеп жіберген қызға шұғыл қан керек

Петропавлда немересін тірідей пешке жаққан зейнеткер сотта жауап берді

Қызылордалық келін: Қайын апаларымның қонағын күтіп, үйін жинап кету міндетім (фото)

Төрт баласымен шаруасы болмаған әйел ата- ана құқығынан айырылды

Талқылау