Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында оқушы қыз екі бүлдіршінді өрттен құтқарып қалды (фото)

Ақмола облысында электр шәйнегінің тұйықталуынан пәтерде өрт тұтанған. 13 жасар оқушы қыз өзінің інісі мен сіңлісін өрттен аман алып қалды.

спасла

Бұл туралы Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Өрт сөндіру қызметіне хабарласқан кішкентай бала асүйінде өрт тұтанғанын хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртке оранған асүй мен түтінделген пәтердің үстінен түсті.

“Оқушы қыз мектептен келген соң, 2010 және 2012 жылдары дүниеге келген інісі мен сіңлісін тамақтандырмақ болады. Алайда қыз электр шәйнегін қосқан соң, ол тұйықталып, өрттің тұтануына сеп болады. Содан соң асүйдің пердесі өртенеді», – дейді департамент өкілі.

Оның айтуынша, кәмілеттік жасқа толмаған қыз абдырап қалмай, 101 нөмірі арқылы өрт сөндіру қызметіне хабарласып, бүлдіршіндерді далаға алып шыққан. Пәтердің есігін жауып шыққан қыз осылайша өрттің көршілес үйлерге таралуына тосқауыл болды. Құтқарушылардың сөзінше, оқушы қыздың бұл әрекеті оның екі бауырының өмірін бір ажалдан құтқарып қалды. Одан бөлек, оқушы үйдегі мүліктің зақымдануына да кедергі бола алды.

Жіберіп алмаңыз: 

Дәрігерлер кеудесін бамбук тесіп өтуге шақ қалған азаматты құтқарып қалды (фото)

Нью-Йоркте белгісіз ер адам мұсылман қызын өртеп жібермек болды (фото)

Қарағанды облысында ұлын өртеп өлтірген қайғылы жағдайға ажырасу себеп болуы мүмкін

Талқылау