Ақмола облысында ескерткішке қойылған гүл шоқтарын бірнеше сағаттан кейін қайта алып кеткен
Ақмола облысының тұрғындары лауазымды тұлғалардың Жеңіс күнін мерекелеу кезіндегі әрекеттерін қызу талқылап жатыр. Олардың айтуынша шенеуніктер Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, артынша екі сағаттан кейін себеттерді белгісіз бағытқа алып кеткен. Бұл туралы КТК арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Жеңіс күні гүл шоқтарын қою рәсімі әдеттегідей өтті. Бірақ, екі сағаттай уақыт өткен соң, оларды алып тастады. Не деген масқара, нағыз ұятсыздық. Ескерткіштегі гүл шоқтары бір күн, тіпті кешке дейін тұрмады да. Ұят кімге? Әкімдікке ме немесе кімге, білмеймін»,-дейді тұрғындар.
Әкімшіліктің бұйрығымен себеттерді алып жүрген адамдар өз әрекеттерін түсіндірді. Олар жыл сайын осылай істейді, және бұрын ешкім де бұрын наразылық көрсетпеген дейді. Ескерткіш тасқа қойылған гүл шоқтары екі минуттың ішінде тұғырда мүлдем жоқ болып шықты. Алайда, бірнеше сағаттан кейін гүл шоқтары өз орнына қайта қойылға екен. Ал шенеуніктер болса, бұл гүлдерді жел ұшырып әкетпес үшін байлап қоюға тиіс адамдардың істеген ісі деп ақталуда.
«Мұнда күшті жел соғып, гүл шоқтары құлап жатыр. Кешеден бері ғаламторда адамдар гүл шоқтарын қайтып алып жатыр деген қауесет тарап кетті. Оларды ешкім алып жатқан жоқ. Қатты жел соққандықтан, оларды жай ғана мықтылап байлап, жөндеп қоюда. Міне, жұмысшы тұр»,- деп мәлімдеді Ерейментау аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
Астанада екі сәби көмірқышқыл газына уланып ауруханаға түсті
Ақмола облысында математика пәнінің мұғалімі жалған дипломмен физикадан сабақ берген