Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында әйел күйеуін пышақтап жертөлеге тастап кеткен

Ақкөл тұрғыны жанжалдан кейін күйеуіне пышақ салып, оны суға толы жертөлеге тастап жіберген. Нәтижесінде ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі істер департаменті хабарлайды.

75e60e3150e7a83908ef8a5fb2632b52

Сурет ptzgovorit.ru

“Полицияға 1963 жылы туған жергілікті тұрғын хабарласты. Әйел ұрыстан соң күйеуін пышақтап, жертөлеге лақтырып тастағанын айтты. Оқиға орынына жеткен полиция ер адамның өлі денесін тапты”, – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органы аталған дерекке орай қылмыстық іс қозғады. Оқиға болған жерден пышақ табылды. Қазір ер адамның денесі сараптамаға жіберілген.

Талқылау