Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында аялдамадан ер адамның өлі денесі табылды

Ақмола облысында автобус аялдамасынан ер адмның өлі денесі табылды. Кісі өліміне күдікті ұсталды. Бұл туралы ІІД хабарлады.

3 сәуір күні Бурабай ауданы, Жарқайың ауылына жақын жерден ер адамның мәйіті табылған.

Тексеру нәтижесінде, мәйіт СҚО, Тайыншы ауданының 49 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ол Жарқайың ауылындағы шаруа қожалығында жұмыс істеген.

Құқыққорғау органдары қылмыстың себебін анықтады. Қаза тапқан ер адам ұрлыққа күдіктелген. Шаруа қожалығы иесінің Щучинск қаласында тұратын туысы жұмысшының денсаулығына ауыр зиян келтірен. Сөйтіп оны қожалықтан алып шығып, аялдамаға тастап кеткен.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 106 бабы 3 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.

Тағы оқыңыз: 

Ақтауда ата-аналарға педофилдердің бары ескертілді

Қостанай облысында бір азаматтың өлімі жұмбақ күйінде қалды

Халықаралық сұлулық байқауынан семейлік 4 қыз жүлдемен оралды

 

Талқылау