Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ашылған бассейнге Баландиннің есімі берілді

Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы басейнге Олимипиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі беріліп отыр. Бұл шешімге жергілікті жастар бастамашылық танытып отыр.

баландин

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Рио Олимпиадасын қалт жібермей, қадала қарайтын жергілікті халық заман талабына сай тамаша бассейнге еліміздің мерейін асырған Дмитрий Баландиннің есімін беруді қош көріп отыр.

«Бассейнді қалай атауды ойланып жүр едік. Енді, міне, чемпион атымен атаймыз. Себебі, Ақкөл тұрғындары өтініш білдірді. Осы бізден де, Ақкөлден де чемпион шықсын деген үміттеміз», — дейді аудандық жастар орталығының жетекшісі Мадина Құсайынова.

Белсенділердің бірінің айтуынша, бұл қала жастарының спорттың осы түріне деген қызығушылығын арттырады.
Ақкөл бассейнінің ұзындығы – 25 метр, ені – 8,5 метр. Мұнда күніне 100 адам келеді. Бір жарым жылдың ішінде 600 бала суда жүзуді үйренді. Оның ішінде 30 бала бүгіндері республикалық чемпионатта облыстың намысын қорғап жүр.

«Біз балаларды жарыстарға дайындаймыз. Осында үш жыл бойы дайындалып жатқан балалар бар. Ең мықты ондыққа кірдік. Біз оларды дұрыс тәрбиелеуге тырысамыз, олардан чемпион шығатынына сенімдіміз», — дейді жатықтырушы Сергей Девятко.

Дмитрий Баландиннің жеңісіне қуанғандардың бірі 10 жасар Даниил Анушкевич. Қазір ол брасс және кроль әдісімен жүзуді меңгеріп жүр. Келешекте ол да маңызды бірнеше медаль алатынына сенімді.

«Мен бассейн ашылған күннен бастап, осында келіп жаттығамын. Жеңіс мені қанаттандырды, мен де олимпиада чемпионы болғым келеді. Спортың бұл түрі маған қатты ұнайды», — дейді Анушкевич.

Рио Олимпидасында екі жүз метрге жүзуден қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин ақтық сайыста алтын жүлдеге ие болған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Баландиннің анасы: Ұлымның жеңісіне әлі сене алар емеспін

Дмитрий Баландин жеңісін барша қазақстандықтар тойлайтынын айтты

Фото: Рио Олимпиадасындағы қазақстандық спортшыларының жеңісті сәті

Талқылау