Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 9 жасар бала түнімен құдықта отырып, сырттан көмек күткен

Ақмола облысында 9 жасар бала мектептен қайтып келе жатып құдыққа түсіп кеткен. Тек ертеңіне азанда ғана аман-есен табылған.

20160208073746
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстың Астрахань ауданының орталығы – Астраханка ауылында көше бойымен ойнап келе жатқан бала кенет аяғы тайып, жолдың жиегіндегі құдыққа құлайды. Оқиға 5 ақпан күні кешкісін болған.

Мектептен қайтқан оқушы баланың үйіне жетпегені белгілі болғасын оны іздеу басталады. Оған «Өрт сөндіруші және апаттан құтқару жұмыстары» мемлекеттік басқармасының 10 қызметкері мен 2 техника бірлігі, жергілікті атқару органдарының 6 қызметкері, жергілікті 26 тұрғын жұмылдырылды.

Бала 6 ақпан күні таңертең құдық ішінен табылды. Оның жағдайды бірқалыпты деп бағаланды.
Аталмыш факт бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Талқылау