Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті жартылай жалаңаш африкалық ер адамдардың биіне тапсырыс берген (видео)

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің ресми парақшасында ерекше видео жарияланды. Видеода жартылай жалаңаш африкалық ер адамдар би билеп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар департаменті оқыс оқиғалардың алдын алу үшін кез келген тәсілдің тиімді екенін, әсіресе жарқын әрі есте қалатын әдістердің маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ департамент өкілдері қауіпсіздікті насихаттауға қосқан үлесі үшін “Привет из Африки” ұжымына алғыс білдірді.
“Ақмола облысының құтқарушыларына алыс та ыстық Африкадан келген ұжым көмекке келді. Иә-иә, күншуақты құрлықтың жігіттері ақмолалықтарға оттың қауіпті екенін, ал өрт қауіпсіздігі өте маңызды іс екенін еске салуды ұйғарды. Терезе сыртында саванна емес, дала болса да, өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз”, – делінген департамент жазбасында.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"