Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балық консервісінен табылған белгісіз нәрсе Қазақстан тұрғынын шошытты

Ақмола облысындағы Калачи ауылының тұрғыны балық консервісінен жұмбақ тіршілік иесін тапты. Әйел адам шошырлық видео түсіріп, оны ғаламторға жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Біртүрлі жаратылыс қоңызға ұқсайды, бойы бірнеше сантиметр. Оның қатпар терісі мен көп аяғы бар. 

Роликтің авторы Ресейде өндірілген балық консервілерін жаңа жылдан алдын сатып алған екен. Темір банкіде қандай тіршілік иесі болғаны әлі белгісіз. 

Санитар дәрігерлер әйел шағымданса, істі тексеретінін айтты. 

Сонымен бірге эпидемиологтар сауда нүктелерін бақылау кезінде "килька" өндірушісіне назар аударуға кеңес берді. 

"Аудандарға дәл осындай консервілерді сатып алуды және зерттеу жүргізуді тапсырамын, егер тағы да фактілер анықталған болса, онда әрі қарай шаралар қабылдаймыз. Бірақ өнімнің атауымен бір ғана фотосурет бар, біз оның қандай өнім екенін анықтай алмаймыз", - деді Ақмола облысының санэпидбақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина.

Талқылау