AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының өнеркәсіптік орталығы қарқынды дамып келеді

Қазіргі уақытта аймақта экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша нақты жоспарлар белгіленген. 

Қойылған міндеттерді іске асыра отырып, әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Степногорск қаласы өткен кезеңде мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында қол жеткізілген дамудың оң динамикасын сақтап қалды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Степногорск қаласы Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісіндегі үлесі шашамен 18 % құрайды. Аймақтағы барлық кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеп қана қоймай, өндіріс көлемін үздіксіз арттыруға тырысуда.

Осы мақсатта алдағы маусым айында Степногорск қаласында "Ақсу Teсhnology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 5 млн тонна алтын өндіретін зауытт іске қосу жобасын қолға алып отыр. Ірі жобанының арқасында 600 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. 

Сонымен қатар, "Нефтяной дом Астана Ойл" серіктестігінің қатысуымен "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамы шағын мұнай өңдеу зауытын жаңғырту бойынша жобаны жүзеге асыруда. Бұл дизель отынын өндіруге және сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Перспективалы инвестициялық жобаларды іске асырудың және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тұрақты жұмысының арқасында ағымдағы жылы өнеркәсіп өндірісінің оң өсу қарқынын сақтау және шашамен 220 млдр.теңге тауарлық өнім алу жоспарланып отыр.

Өнеркәсіп секторында облыс құрамында алтын бар кенді, уранды өндіруге, машина жасауға, химия өнеркәсібіне маманданған. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр