Ақмола облысының әкімі жұмыс сапасын қамтамасыз етіп, мерзімдерді бұзбауды тапсырды

Ақмола облысының ауылдарында "Ауыл — ел бесігі" және "Жұмыспен қамтудың жол картасы"бағдарламалары аясында құрылыс, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сандықтау ауданында жұмыс барысының іске асыру қарқынымен Ермек Маржықпаев танысты.

Мердігерлермен сөйлескен кезде объектілерді тексеріп, басты шарт — сапа әрдайым жақсы болуы керек екенін атап өтті әкім. 

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарын 213 бала оқитын Сандықтау орта мектебінен бастады. "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында ғимаратты күрделі жөндеуге 200 млн.теңгеден астам қаржы бөлінді. Нысанды 25 тамызда пайдалануға беру жоспарланған болатын, бірақ жөндеу жұмыстарының артта қалуына байланысты білім шаңырағы балаларды қабылдауға дайын емес. Әкім өз наразылығын білдіріп, жұмыстың аяқталу мерзімін 1 қазанға дейін белгіледі.

Жаңа оқу жылында 135 бала мектепте қашықтықтан, 78 бала штаттық режимде оқиды. Балкашино ауылы ішіндегі жолдарды салу және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 20 км қатты асфальтпен жабылған, бағдарлама бойынша бұл көлемді тағы 20 км-ге ұлғайту туралы шешім қабылдады.

Одан әрі облыс әкімі “Сарыарқа"мәдениет үйінде болды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында бөлінген 600 млн.теңгенің 44 млн. теңгесі мәдениет үйіне жіберілді. Қазіргі заманғы концерт залы жергілікті тұрғындарды қуантарлығы анық. Балкашинодағы спорт алаңын жөндеуге 14 млн. теңге қаражат бөлінді. Жақында көлемі 22х42 метр, ауданы 924 шаршы метр болатын, монофиламентті шөптен жасалған футбол алаңы балаларды қуантпақ. Балалар Ермек Боранбайұлына өз алғыстарын білдірді.

Балкашино ауылындағы бірінші және Сандықтау орта мектебіңде сапасыз жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер - "Даяна Сервис" компаниясы екені белгілі болды. Жөндеу жұмысы еш қозғалыссыз тұрғандықтан, оқу жылы басында оқушыларды басқа мектепке оқуға жіберуге тура келіп тұр. 

“Мирас” балабақшасының да жөндеу жұмысының сапасы нашар. Мердігері - “Евростройсервис Кокше”. Ермек Маржықпаев барлығын 1 қазанға дейін түзетуді тапсырды.

Бағдарлама аясында оқу орындары мен аудандық аурухананы жөндеуге Сандықтау ауданына 1 млрд.300 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Өңір басшысы мекеменің жөнделуіне риза болып, дәрігерлердің кәсібилігіне байланысты аудандағы коронавирустық инфекциямен күрестегі медицина қызметкерлерінің сырқаттануының төмен пайызын атап өтті.

Сапар соңында өңір басшысы ЖШС "Балкашинский" алқаптарында болып, серіктестіктің жұмысын жоғары бағалады. Кәсіпорын директоры Шәріп Доқаев атап өткендей, жақын арада астық жинау науқанын бастау жоспарланып отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр