AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі "тролльдермен күрес" үшін жарияланған 10 миллион теңгелік тендерді түсіндірді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев "тролльдердің шабуылына тойтарыс беру" үшін жұмсалған 10 миллион теңгеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс басшысы облысты таныту басты мәселе болғанын айтты. 

"Маған да тролльдің кім екені қызық. Негізі біздің облыстың ішкі саясат басқармасы конкурс жариялаған. Меніңше, 10 миллион теңге тролльдерден қорғануға бағытталмаған. Бұл өңірді таныту бағытындағы жұмыстар. Елді мекендерде спорт мәселесі  үнемі қозғалады. Бұл жұмысты да кеңінен насихаттау керек", – деп түсіндірді әкім.

Маржықпаев ақшаның бюджетте қалып қойғанын алға тартты.

"Бұл сатып алу жүзеге асқан жоқ. Жеткізушілерден де шағым болған жоқ. Сондықтан ол конкурстан алынып тасталды", – деп сендірді аймақ басшысы.

Еске аслақ, осыған дейін Ақмола облысында “тролльдермен” күрес үшін 10 миллион теңгелік тендер жарияланғаны белгілі болған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр