Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі: Жыл басынан бері экономикаға 100 млрд теңге тартылды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Өңір жалғасып келе жатқан пандемияға мен оған байланысты шектеулерге қарамастан, дамудың оң серпінін сақтап қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Маржықпаев

"2021 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша экономиканың көптеген бағыттарында жоспарлы индикаторлар орындалды. Біздің мақсат – әртараптандырылған әрі технологиялық экономика құру. Облыс біртіндеп дәстүрлі аграрлық бағыттан агро-индустриалды негізге ауысып жатыр. Өңдеуші өнеркәсіп үлесі 82 пайызға жетті. Инвестициялардың өсімі экономикалық белсендіктің драйвері болды. Жыл басынан бері экономикаға 100 млрд теңгеден астам қаржы бағытталып, өсім 17 пайыз деңгейінде байқалды", – деді Маржықпаев.

Оның айтуынша, "Бизнестің жол картасы 2025" және "Еңбек" бағдарламаларының аясында шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіледі, олар бойынша биыл өткен жылғы деңгейге қарағанда 28% өсуімен 8,5 млрд теңге бөлінді.

Жалпы есептік кезеңде "Бизнестің жол картасы" бойынша 1,7 млрд теңгеге 500-ден астам жоба қолдау тапқан.

"Өңірлік бизнес "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасына белсенді қатысады. Ағымдағы жылы 9,2 млрд теңгеге 47 жоба қаржыландырылды. Ол 1300 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", – деді әкім. 

“Жыл соңына дейін Ақмола облысында 150 млрд теңгеден астам инвестицияға 23 жоба іске қосылады”, – дейді ол. 

"Өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар өсімінің қарқыны сақталып отыр. Биылғы 5 айда 17 млрд-тан астам теңге инвестицияланды. Бұл тұрғыда өткен жылғы деңгейге қарағанда бір жарым есе өсім болды. Инвесторлар жыл соңына дейін 150 млрд теңгеден астам инвестицияға 23 жобаны іске қосады деп жоспарланып отыр. Оның жартысы азық-түлік өнеркәсібі жобалары", – деді Маржықпаев.

Сөзінше, осының арасындағы ең ірі жобалардың бірі – ол "Ақ Дала Агроның" жылына 6 мың тонна қуаты бар құс фабрикасының құрылысы. Алдағы уақытта өнім шығару қуаты 15 мың тоннаға жеткізілмек. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы машина құрылысында маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр.

"Құрылыс индустриясы да табысты дамып келеді. Кірпіш өндірісінің көлемі 10 еседен астам деңгейде өсті (2010 жылдан бері). Зеренді ауданында тағы бір кірпіш зауыты ашылады, онда жылына 22 млн кірпіш шығарылады. Сонымен қатар Аршалы ауданында ірі кірпіш зауытының құрылысы басталды. Оның қуаты жылына 120 млн кірпіш болады. Зауыт алдағы жылы іске қосылады. Осы жобалар екі жыл ішінде өңірдегі құрылыс кірпішіне деген сұранысты толық жабады", – деді әкім.

Дидар Халық
Жұма, 18 Маусым, 2021 11:44
Талқылау