Ақмола облысының әкiмi өңiрдегi дәрi тапшылығын жою мақсатында дәрiхана иелерiмен кездесу өткiздi

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев аймақтағы дәрi мәселесін жою мақсатында дәрiхана иелерiмен кездесті. Кеңейтiлген отырысқа жергiлiктi бақылаушы органдардың басшылары да қатысты. Көкшетау мен аудан орталықтарына препараттарды кедергiсiз жеткiзудi қамтамасыз ету мақсатында, өңiр басшысы жаңа ұсыныстар енгiздi, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отырыс короновирус инфекциясынан көз жұмғандарды еске алу үнсiздiк минутынан басталды.

"Бiздiң елiмiз теңдесi жоқ қауiпке тап болды. Коронавирус инфекциясы өңiрлерге жеттi. Таралуы жалғасып келедi. Өкiнiшке орай адам шығындар бар. Бiз үшiн бұл үлкен қайғы. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына қатты қайғырып көңiл айтамыз", - дедi Ермек Маржықпаев.

13 маусымға дейiнгi жағдай бойынша облыста ауру жұқтырған 1687 адам тiркелдi. 24 адам көз жұмды. 10 инфекциялық, 26 провизорлық стационарларда емдеу iс-шаралары жүргiзiлуде. 23 адам ауыр халде жатыр. Ауру жұқтырғандардың санының көбеюiне жол бермеу басты мақсат. Ол үшiн дәрi тапшылығын жою керек.

Дәрi-дәрмек тапшылығымен туындаған проблема — жалғыз дәрi-дәрмек дистрибьюторы — "СК Фармация" компаниясы өз мiндеттерiн толық орындамады. 54 миллион теңгеге медициналық препараттарға өтiнiм бұрын берiлген. Бiрақ, әлi күнге дейiн жеткiзiлген жоқ. Сұранысты толық өтеу мақсатында "Мед сервис" компаниясымен 18 миллион теңгеге келiсiм жасалды. Нәтижесiнде медициналық ұйымдар бiраз мерзiмге дейiн дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етiледi. Мәселені шешу үшiн облыстық бюджеттен 71 миллион теңге бөлiндi.

Кеше "Iңкәр" ЖШС дәрi-дәрмектерi бар 2 ұшақ қонды. Жалпы 350 атауы бар, бағалары әлi анықталуда. Кейiн олар дәрiхана пункттерiне таратылады. Облыста 352 дәрiхана бар.

Ермек Маржықпаев бiрнеше iрi дәрiханалардың өкiлдерiн шақырды, олармен препараттардың тапшылығы бойынша ашық пiкiр алмасты. Фармацевтер өз кезегiнде өз проблемаларымен бөлiстi.

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев дәрiхана өкiлдерiне тиiмдi ұсыныс енгiздi. "Есiл" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы дәрi-дәрмек жеткiзедi. Ал дәрiханалар қаржыны кейiн қайтара алады. Бұл дәрiлiк препараттарды тасымалдауды жеңiлдетедi. Дәрi сатып алушылар саны кешеден берi айтарлықтар азайғаны байқалады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр