Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев коронавируспен күресте көз жұмған дәрігерлердің отбасыларына награда табыстады

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев коронавирус iндетiмен күресiп жүрiп, жұмыс барысында дерттен көз жұмған дәрiгер Олег Исаев пен орта медициналық қызметшi Сәуле Байғабылованың туыстарына дәрігерлерге тағайындалған мемлекеттiк жоғары наградаларын табыс еттi, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Адамның өмiрi үшiн аса қауiптi коронавирус iндетi, осы дертпен алғашқы күннен-ақ күрескен медицина қызметкерлерiнiң өмiрiн қиып әкетуде. Бұл — елiмiз бен отандық денсаулық сақтау саласы үшiн үлкен орны толмас қаза. Ауыр науқастарды өлiм аузынан алып қалу үшiн күресiп, өздерi де осы дерттiң құрбаны болып кеткен ақ халаттылардың iшiнде Көкшетау қалалық көпбейiндi ауруханасының анестезиолог және реаниматолог дәрiгерi Олег Исаев пен Егiндiкөл аудандық ауруханасының орта медициналық қызметкерi Сәуле Байғабылова да бар. Талай жанды ажалдан құтқарған дәрігерлердің өздерi індеттің құрбаны болды.

"Коронавируспен күрестегi олардың қаһармандығы мен ерлiгi, баға жетпес еңбегi әрқашан да медицина қызметкерлерiне үлгi-өнеге болмақ. Олардың туған туыстарына, жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңiл айтамын", - деп аймақ басшысы бiр минут үнсiздiкпен марқұмдарды еске алды.

13 шiлде жалпыұлттық аза тұту күнi болып жарияланып, дәл осы күнi мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев iндетпен күресте көз жұмған дәрiгерлердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттау туралы №370 жарлығына қол қойған болатын. Бұл тiзiмде коронавирус iндетiмен күресте өз өмiрiн құрбан еткен қаһарман дәрiгер Олег Исаев та бар. Оған жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi — "Қазақстанның Еңбек Ерi" атағы берiлiп, Алтын жұлдыз бен "Отан" ордендерi тапсырылатыны белгiлi болды. Бұл жоғары дәрежелi награда марқұм Олег Исаевтың қызы Алинаға тапсырылды. Ол өз кезегiнде әкесiнiң денсаулық сақтау саласына сiңiрген зор еңбегiн бағалап, құрмет көрсетiп жатқан мемлекет басшысы мен облыс әкiмiне алғыс айтып, көзiне жас алды.

Азаматтардың денсаулығын сақтауда еңбек еткен Егiндiкөл аудандық ауруханасының орта медициналық қызметкерi марқұм Сәуле Байғабыловаға "Құрмет" орденi тапсырылды. Награда аудандық аурухананың бас дәрiгерi Асхат Әбiлбековке табысталды.

Олег Николаевичпен бiрге денсаулық саласында жиырма жылдан астам бiрге жұмыс iстеп, үзеңгiлес болған әрiптестерi де бұл жиында өз iсiнiң кәсiби шеберi, бiлiмдi де бiлiктi, еңбекқор дәрiгер туралы пiкiрлерiн бiлдiрiп, оның аты халқының жадында мәңгi сақталатынын айтты.

Жиын соңында өңiр басшысы облыстағы коронавируспен күрес барысындағы қазiргi жағдайдың күрделiлiгi, тиiстi iс-шаралардың жан-жақты жүргiзiлiп жатқандығы жайында мәлiмет бердi.

Облыста коронавируспен күреске арналған 10 жұқпалы аурухана мен 12 провизорлы емхана жұмыс iстеуде. Өңiрде iндет жұқтырғандың саны 1500-ден асты, олардың жартысынан көбi айығып, шықты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр