Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Аршалы ауданында болды

Ақмола облысының басшысы "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша және "Ауыл — Ел бесiгi" арнайы жобасының аясында жүргiзiлiп жатқан әлеуметтiк объектiлердi жөндеудiң барысымен танысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аршалы ауылы тiректi елдi мекен мәртебесiн алған, сондықтан өткен жылы арнайы жобаның аясында 10 жобаны жүзеге асыруға шамамен миллиард теңге бөлiндi. Осы жылы "Ауыл — Ел бесiгi" аясында екi жобаға Аршалы ауданының аудан орталығында 400 миллион теңгеден астам қаражат бөлiндi.

"ЖҚЖК-2020" бойынша Аршалыда агротехникалық колледждiң жатақханасына күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде. 1979 жылы салынған ғимараттың жобалық қуаттылығы — 400 орын, бұл жерде 240 студент оқиды. Сондай-ақ, агротехколледждiң оқу зертханасының шатырын жөндеу жоспарда бар.

Ермек Боранбайұлы, мердiгерлермен сөйлесіп, жұмыс сапасының маңыздылығын және ауылды жерде әлеуметтiк салаға, ТҮКШ, жол инфрақұрылымына мұндай кең ауқымды мемлекеттiк қолдаудың бұрын-соңды болмағанын басып айтты. Бағдарламаның маңызды өлшемдерiнiң бiрi — жергiлiктi халықты жұмыспен қамтамасыз ету.

Облыс әкiмiн студенттер ең көп бiлiм алатын мамандықтар, олардың жұмысқа орналасуы кезiндегi бәсекеге қабiлеттiлiгi қызықтырды.

"Ауыл — Ел бесiгi" жобасы бойынша өткен жылы күрделi жөндеуден өткен объектiлердiң бiрi — Аршалы №2 ОМ. 1962 жылы салынған ғимарат, күрделi жөндеуден кейiн қатты өзгерген: шатыры ауыстырылып, қасбетi жаңартылды, инженерлiк тораптары толығымен жөнделдi.

"ЖҚЖК-2020" бойынша ағымдағы жылы тәулiк бойғы стационарымен ауысымында 200 келушiнi қабылдайтын Аршалы аудандық ауруханасы жөнделетiн болады. Аудандық аурухананың қасбетiн және галерея-өткелдi жөндеу үшiн 70 миллион теңгеден астам қаражат талап етiлдi.

"Ауыл — Ел бесiгi" аясында өткен жылы Аршалыда дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы басталды. Мердiгер ұйым — "Риголит" ЖШС 400 миллион теңгеден астам қаражат игерiлдi, ДШСК құрылысын жалғастыруға тағы 300 миллион теңге қажет.

Облыс әкiмi бұл аршалылықтар үшiн маңызды жоба екенiн атап өттi. Мердiгерлерге қойылатын талап — әдеттегiндей — құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен мерзiмдерi. Жоба бойынша ДШСК ағымдағы жылғы қазанда пайдалануға беру жоспарлануда.

Ермек Маржықпаев Волгодоновск орта мектебiнде де болды, онда "ЖҚЖК-2020" бойынша 37 миллион теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр