Ақмола облысындағы жарыста екі бапкер жасөспірімдердің көзінше төбелескен
Фото: Видеодан скрин
Ақмола облысында панкратион мен грэпплинг бойынша жарыс кезінде екі бапкер жасөспірім тәрбиеленушілерінің көзінше төбелес шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Степногорск қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында болған.
Бапкерлер өз тәрбиеленушілерінің мүддесін жұдырықпен "қорғаған". Алайда мұндай спортқа жат қылық ата-аналардың ашу-ызасын тудырды. Олар мұндай жағдай спорт мектебінің негізгі міндеттерін орындауына күмән келтіреді деп санайды.
Мектеп әкімшілігі бұл оқиғаға байланысты дереу түсініктеме беріп, төбелескен бапкерлер өз қызметкерлері емес екенін, мектеп тек жарыс өткізу үшін залды жалға бергенін мәлімдеді.
Ақмола облысының полиция департаменті оқиға бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Барлық мән-жай анықталған соң, процессуалдық шешім қабылданады.
Атырауда студенттер жаппай төбелесті: Полиция қылмыстық іс қозғады (видео)
“Реал” мен “Барселона” матчынан кейін футболшылар қақтығысып қалды
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жасөспірім қыздардың төбелесі видеоға түсіп, желіде тарады. Полиция мәліметінше, оқиға 18 қазанда болған. Төбелеске қатысқан қыздар анықталып, ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізілді. Олардың қамқоршыларына Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Материал кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жіберіліп, жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?