Ақмола облысындағы санитарлық бекеттер алынады
Ақмола облысында шектеу шаралары жеңілдетіледі. Бұл туралы аймақтың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші кезекте, Ақмола облысының "сары аймаққа" өтуіне орай Көкшетау және Степногор қалаларына кіреберістегі санитарлық постар алынатын болды. Сондықтан, бұл қалаларға кіріп-шығуға кедергі жоқ, ПТР анықтама қажет емес.
"Осы ретте облыс тұрғындары мен қонақтары қалаға кіріп-шығуы үшін санитарлық постар алынады, дегенмен, шұғыл қажеттілік болмаса, елді мекендер арасында жиі қатынаудың қажеті жоқ", - Мусина.
Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл аймаққа" кіргені жайлы айтылған еді.
Талқылау