Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысындағы өрттен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Ақмола облысындағы өрт кезінде тірі қалған отбасы мүшелерінің жағдайы туралы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2004 жылы туған бала Атбасар көпсалалы қалалық ауруханасының балалар бөліміне жатқызылды.

"Бала оң білегінде кесілген, күйген жаралар бар, арқасына аздап күйік шалған. Оның трахеямен байланысты проблемалары бар. Атап айтқанда тыныс алуы қиындап, жұтынған кезде ауырлық байқалып тұр.  Жағдайы орташа ауырлықта. Инфузия және антибиотикалық терапия жүргізіледі, барлық қажетті көмек көрсетіледі", - дейді мамандар. 

Ата-анасы өрттен айтарлықтай зардап шекпеген көрінеді. Олардың жаралары жеңіл болды, оқиға орнынан көмек көрсетілді дейді мамандар. 

"Балалардың анасына амбулаториялық көмек көрсетілді. Аяғында жарақаттары бар. Жұбайы медициналық көмек алу үшін жедел жәрдем бөліміне жүгінген жоқ", - деп хабарлады департаментте.

Зардап шеккен тағы бір баланың жағдайы әлі белгісіз.

Еске салайық, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Хрящевка ауылында өрт болды. Үш бала қаза тапты. Өрт сағат 5.19-да 100 шаршы метр аумақтағы жеке тұрғын үйде болды. Оқиғаның себебі анықталуда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр