Ақмола облысында мешіттегі газ жарылысынан 3 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды
Ақмола облысындағы мешітте газ жарылып, үш адам қаза тапты. 16 адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сабынды ауылындағы жарылыс салдарынан ғимарат толығымен қираған. Үйінді астынан ер адамның, әйел адамның және 12 жасар баланың мәйіттері табылды.
Тағы 16 адам жарақат алып, Астана қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазір үйінділерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үйінді астынан құтқарушылар алты газ баллонын шығарды.
“Облыстық ТЖД құрамынан 30 құтқарушы мен 5 техника, сондай-ақ жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, психологтар мен кинологтар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр”, - деп хабарлады аймақтағы ТЖД.
Аймақтық департаменттің базасында жедел штаб құрылды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"