Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жүкті әйел коронавирус жұқтырып алды

Ақмола облысында "Шапағат" қарттар үйінің тағы бір қызметкері коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасында мәлімдеді.

13 сәуірде кешке Ақмола облысында COVID-19 жұқтырудың екі жаңа оқиғасы тіркелді.

"Целиноград ауданы бойынша бірінші жағдай, " Шапағат" МӘМ медперсоналының қызметкері, 1994 жылы туған. 9 сәуірден бастап ол стационарлық карантинде болып, дәрігерлердің бақылауында болды. Пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Оған ерекше көңіл бөлінеді, өйткені ол жүктілік бойынша есепте тұр", - делінген ведомство хабарламасында.

Екінші науқас - Көкшетау тұрғыны, бұрын коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны белгілі.

"Ол жақын байланысқандар тізімінде болды және үй карантинінде оқшауланған. Бұл жағдайда эпидемияға қарсы іс-шаралар мен санитарлық - эпидемиологиялық тексеру жүргізу бойынша міндет жеңілдетілді", - деді денсаулық сақтау басқармасында.

14 сәуірдегі мәліметтер бойынша, Ақмола облысында коронавирустық инфекцияның 73 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Целиноград ауданында – 66 оқиға. Аршалы және Көкшетау аудандарында тағы 3 жағдай тіркелді, бір факті Шортанды ауданында анықталды.

Жалпы, Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1179-ға жетті.

STAN.KZ
Сейсенбі, 14 Сәуір, 2020 10:26
Талқылау