Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жол-көлік апатынан зардап шеккендерге "Евразия" СК өтемақы төлейді  

Ақмола облысында минивэн мен екі жүк көлігінің соқтығысуы нәтижесінде зардап шеккендердің барлығына "Евразия" СК төлем жасайды. Жол-көлік апатына себепкер болған минивэн автокөлікті  міндетті сақтандыру бағдарламасы арқылы сақтандырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Естеріңізге сала кетейік, 6 маусымда Ақмола облысы Қостанай-Әулиекөл-Сурган тас жолында шамамен сағат 11:00-де Toyota Alphard пен Renault және Daf жүк көліктері соғысты. Алдын ала ақпарат бойынша, жол апатына қарама қарсы бетке шығып кеткен минивэн жүргізушісі кінәлі. Қақтығыс кезінде көлікте әйел және үш кішкентай бала болған. Нәтижесінде Toyota жүргізушісі мен 10 жасар бала қайтыс болды, қалған жолаушылар медицина орталықтарына жеткізілді. 

Автокөлікті міндетті сақтандыру заңнамасына сәйкес, жол-көлік апатынан зардап шеккендерге келесі төлемақылар тағайындалған: 

  • Қаза тапқан жағдайда – 2000 АЕК немесе 6,9 млн теңге;
  • I топ мүгедектігі – 1600 АЕК немесе 5,52 млн теңге; 
  • IІ топ мүгедектігі – 1200 АЕК немесе 4,14 млн теңге; 
  • IІІ топ мүгедектігі – 500 АЕК немесе 1,725 млн теңге;
  • Кәмелеттік жасқа толмаған балаға кез келген топ мүгедектігі белгіленуі  – 1000 АЕК немесе 3,45 млн теңге. 

Сондай-ақ, автокөлікті міндетті сақтандыру бойынша қаза тапқан жағдайда жерлеу шығындарына 100 АЕК немесе 345 тыс. теңге өтемақы қарастырылған. 

Әрбір зардап шеккен адам 300 АЕК немесе 1,035 млн теңгеге дейін амбулаториялық немесе стационарлық емдеу шығындарына өтемақы ала алады. Өмір мен денсаулыққа келтірілген залалдың мөлшері тиісті медициналық ұйымдар берген құжаттар негізінде айқындалады.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жүк көліктерінің жүргізушілері автокөліктерін қалпына келтіруге 600 АЕК немесе 2,07 млн теңгеге дейін төлемақы ала алады.

"Евразия" СК жол-көлік апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетуші "делдалсыз" компанияға тікелей хабарласып төлемақыны толық мөлшерде өндіріп алуға болатынын еске салады. 

Сақтандыру төлемін алу үшін +7-701-053-26-88 тегін байланыс нөмірі немесе [email protected] поштасы арқылы кеңес ала аласыз. 

"Евразия" СК жол апатынан зардап шеккендердің отбасыларына қайғыра көңіл айтады. 

Талқылау