Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында Жеңіс күні аясындағы бірқатар іс-шаралар онлайн форматта өткізіледі

Биыл Жеңіс күні аясындағы бірқатар іс-шаралар Ақмола облысында онлайн форматта өткізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коронавирус пандемиясына байланысты Ұлы Жеңістің 76 жылдығы аясындағы бірқатар іс-шаралар өңірде онлайн форматта өткізіледі, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Жалпы облыс бойынша Ұлы Жеңіс күніне орайластырылған 2000-ға жуық іс шаралардың өтуі жоспарлануда. Олар, Ұлы Отан соғысының және тыл  ардагерлеріне құрмет көрсетуге, соғысқа қатысқан батырлардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттауға, қазіргі таңдағы бейбіт күннің оңайшылықпен келмегенін көрсетуге, сондай-ақ, азаматтардың патриоттық сезімін оятуға бағытталған.

"Биыл карантинге байланысты Жеңіс күнін мерекелеу шеңберіндегі іс-шаралар онлайн форматта барлық деңгейдегі әкімдіктердің, мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік желілердегі арайы парақшаларында өткізіледі. Олардың ішінде, Жеңіс күнін дәріптейтін тақырыптық бейнероликтер, шығармашылық ұжымдардың орындаулары, байқаулар, жастар арасында челлендждер, онлайн-концерттер, "Мәңгілік даңқ" полкі, қоғамдық пікір көшбасшыларының, азаматтардың құттықтаулары сияқты шаралар", - деді ішкі саясат басқармасында. 

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының жауынгерлерінің ескерткіштерін,  мемориалдық тақталарды тазарту, жаңарту Жеңіс алаңдарын абаттандыру бойынша жұмыстар облыс аймағындағы  барлық жерлерде атқарылады.
 

Талқылау