Ақмола облысында жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Ақмола облысында белгісіз заттың жарылуы кезінде ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облыстық ТЖД мәлім еткендей, 14 тамызда Целиноград ауданы Тайтөбе ауылының жеке тұрғын үй аумағында әкелінген көмірді сұрыптау кезінде белгісіз зат жарылып, нәтижесінде оқиға орнында 41 жастағы үйдің иесі қаза тапты. Бұған қоса оның 45 жастағы ағасы мен 4 жастағы немере інісі ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел тергеу шараларын жүргізуде. Оқиға орнына ТЖД 2 қызметкері және 1 бірлік техника, жедел тергеу тобының 10 қызметкері және 3 бірлік техника жұмылдырылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”