Ақмола облысында жаңа студенттік жатақхана салынды

Облыс орталығында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университетінің студенттеріне арналған жаңа жатақхана ашылды.

Ғимарат Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында салынды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Құрылыс өткен жылы басталған және бүгінде бөлмелер студенттерді қоныстандыруға толығымен дайын. Жатақхана 560 студенттік орынға есептелген. Әр қабатта ас үй, жуынатын, санитарлық бөлмелер бар. Сондай-ақ, демалуға, спортқа және үй тапсырмаларын дайындауға арналған орындар да қарастырылған.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев студенттік жатақхананың жабдықталуын жоғары бағалап, алдағы қызметіне табыс тіледі.

«Қазір студенттер сарайы салынып жатыр, ол екі ғимараттан тұрады. Бір бөлігі спорт кешені ретінде жұмыс істейтін болады. Онда ауқымды спорттық іс-шаралар өткізіледі. Екінші бөлім 450 орындық студенттік театр ретінде жұмыс істейтін болады», - деді университет ректоры Мәди Елубаев.

Айта кетейік, бүгінде облыстың жоғары оқу орындары мен колледждерінде 30 мыңнан астам студент білім алуда, олардың 3 мыңға жуығына жатақхана қажет. Келесі жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 1000 орындық екі жатақхана ашуды жоспарлап отыр, ал өңірдегі төрт колледж үшін 300 орындық жатақхана жобасы әзірленді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр