Ақмола облысында зейнеткердің жинаған қаражатын жұмыссыз немересі жасырын жаратып жүрген
Ақмола облысында жұмыссыз ер адам әжесінің жинаған депозитіндегі ақшаны алып, жаратып жүрген. Зейнеткер шотында қаражаттың азайғанын біліп полицияға шағымданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pixabay-дан
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 15 қыркүйек полиция бөліміне тұрғыныннан ұрлық фактісі туралы арыз түскен. Зейнеткер мамыр-қыркүйек айлары аралығында оның депозитінен 1 миллион 340 мың теңге қаражат жоғалып кеткенін айтып, шағымданған.
"Қарт әйел полицияға тергеу жүргізу үшін хабарласты. Жедел іздестіру шаралары барысында Көкшетау қалалық ІІБ криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ақшанығ жоғалуына жәбірленушінің уақытша жұмыссыз немересінің қатысы бар екені анықтады", – делінген хабарламада.
Анықталғандай жігіт зейнеткердің ұялы қосымшасына қол жеткізіп, телефон нөмірін соған байланыстырып, жәбірленушінің ақшасын бөлшектеп аударып отырған. Осылайша ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.
Аталған факті бойынша полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.