AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында заманауи көпфункционалды балалар алаңдары ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Конституция күні қарсаңында Біржан сал ауданының Андықожа батыр және Еңбекшілдер ауылдарында балаларға арналған спорт және ойын алаңдары ашылды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

ала

Заманауи нысандар "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасы аясында және Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен салынған.

Кешенді алаңдарға футбол, баскетбол, волейбол алаңдары, балалар ойын алаңдары және стрит-воркаут алаңдары кіреді.

Нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Достанбек Есжанов, спорт ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

"Бүгінде мемлекет бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді, ол қазір салауатты өмір салтын ұстануға көбірек бейім. Тәуелсіздіктің мерейтойлық жылында ауданымызда жастар мен балалар үшін жаңа заманауи демалыс нысандары ашылуының символдық мәні бар. Бұл спорт ғимараттары ауыл жастарының бос уақытын өткізетін сүйікті орнына айналатынына және ауданда дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамытуға қосымша түрткі болатынына сенімдімін", - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы.

Іс-шара барысында аудан әкімі жергілікті жастар командаларына спорттық киімдер жиынтығын, баскетбол және футбол доптарын сыйға тартты.

Іс-шараға қатысқан ақсақалдар ауыл тұрғындарын жаңа нысандарға ұқыпты қарауға және оларды мақсатты пайдалануға шақырды.

Айта кетейік, жақын арада ауданда Макинка ауылында тағы бір осындай алаң ашылады. Келесі жылы Кеңащы, Жөкей, Сәуле және Алға ауылдарында төрт балалар ойын алаңын салу жоспарлануда

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр