Ақмола облысында тұрғынның мұрынын тістеп алған айыпты 2,5 миллион теңге төлеп, бас бостандығынан шеттетілді
Ақмола облысында айыпты тұрғынның мұрнын тістегені үшін бас бостандығынан шектеліп, 2,5 миллион теңге көлемінде залал шығынын төледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КазТаг порталына сілтеме жасап.
Оқиға Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде болған. Сол күні әйелдер туған күн кешін атап өтпек болған.
Кеш барысында масайраған туған күн иесінің анасымен қонақ арасында жанжал шыққан. Олар бір-біріне шабуыл жасап, еденге құлатқан. Сол кезде көшеден келе жатқан әйел оларды ажыратып, шабуылдаушыны тыныштандыруға тырысады. Дегенмен күдікті сол жерде оның мұрнын қатты тістеп алып, қансыратқан.
Біраз күннен кейін әйел бет-әлпеті бұзылған соң ауруханаға жүгінген. Алайда дәрігерлердің диагнозы көңіл көншітпейді. Пластикалық хирург, егер жәбірленушіге құны 2,5 миллион теңге тұратын операция жасалмаса, мұрнына енетін ақауы, жазылмайтын деформациялық тыртық өмір бойы қалатынын айтқан.
Жәбірленуші Астрахан облысының полициясына жүгініп, тәртіп сақшылары 106-бап "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғады. Айыптау материалдары Астрахан аудандық сотына жіберілді.
"43 жастағы "В" кінәлі деп танылып, пробациялық бақылаумен төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталушы жәбірленушіге 2,5 миллион теңге материалдық шығынды өтеуі тиіс", - делінген сот үкімінде.