AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында тұрғын үй құрылысы жалғасуда 

Өңірде тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Облыс орталығында биыл 8 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Пәтерлер кезекте тұрғандарға, оның ішінде көп балалы отбасыларға арналған, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

"Кірпіш пен бетон плиталары жетіспейді. Алайда, біз мұны күнделікті жұмысымызда шешеміз. Кейде қаржыландыру жетіспейді. Көмек облыстық және республикалық бюджеттерден көрсетіледі. Материалдар бағасының өсуіне байланысты 8 жобаға өзгерістер енгізілетін болады. Қазіргі уақытта 16 үй салынып жатыр. Биыл оның жартысын аяқтау көзделіп отыр" - деп атап өтті Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса.

Аудан орталықтарының тұрғындары үшін де өзекті болған тұрғын үй құрылысы да назардан тыс қалмауда.

Щучинскіде 45 пәтерлі үш үйдің құрылысы өткен жылы басталды. Қазіргі уақытта біреуінде 2-қабаттың құрылысы жүріп жатыр, қалған екеуінде — іргетас. Бұл нысандар жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде.

"Щучинск қаласындағы 5 көп қабатты үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Оларды салу үшін бюджеттен қаражат алуға өтініш берілді. 3 тоғыз қабатты үйлердің жобасы әзірленіп, сараптамаға ұсынылды. Сондай-ақ, Заречный шағын ауданында медицина қызметкерлеріне арналған 45 пәтерлі үй салынады", - деп бөлісті аудандық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Сайран Ақылбай.

Айта кетейік, облыста жоспарға сәйкес биыл 14 жалдамалы,  22  ипотекалық  несиеге үй беріледі. Барлығы 1600 пәтер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр