Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Бүгін Көкшетауда "Ұлы Дала тарихына тағзым! Прикоснись к Истории Великой Степи! Touch the History of the Great Steppe!" жақын және алыс шетел ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің, саясаттанушылардың, тарихшылардың, археологтарының, отандық ғалымдардың, танымал журналистердің, ЖОО оқытушыларының қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шараға қатысушыларға облыс әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйледі.

"Ақмола облысы-бұл бір аумақта әртүрлі мәдени ағындардың тоғысуында бірегейлігі бар өңір. Дәл осы жерде неолит, қола дәуірі, сақ, ғұн және түркі кезеңдеріндегі екі мыңнан астам ескерткіштер шоғырланған. Бүгінгі конференцияның қорытындысы Ұлы Даланың жаһандық тарихтағы орнына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беретініне сенімдімін",-деп атап өтті өңір басшысы.

Конференция бағдарламасы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында ұлттық тарихты зерделеуге бағытталған міндеттер, екінші бөлімде ұлттық тарих мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі тарихи-мәдени мұраны ғылыми зерттеудің жетістіктері, түркі қағанатының мұрасын зерттеу, түркі өзара іс-қимылының жаңа қырлары, ұлы сақ өркениетін ғылыми зерттеу, Ақмола облысындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріндегі жаңа археологиялық зерттеулер, тарихи-мәдени мұраны, археологиялық құндылықтарды танымал етудегі БАҚ пен шығармашылықтың рөлі туралы баяндамалар жасады ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, Халықаралық Түркі академиясының президенті, "Егемен Қазақстан "республикалық газеті" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, саясаттанушы, Баку халықаралық мультимәдениеттілік орталығының кеңесшісі Тофик Аббасов, Кебридж университеті McDonald археологиялық зерттеулер институтының ғалымы Ребекка Робертс, Еуропалық жаңалықтар академиясының бағдарламалық директоры, Глобал Ньюс коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин және басқалар.

Айта кетейік, аталған конференция өңірде мерейтойлық жылы өткізілетін бірқатар іс-шараларды толықтырды.

Талқылау