Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккені үшін пәтер берілген тұрғындар жаңа үйлерін сатуға шығара бастаған

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккені үшін жаңа пәтерлердің кілтін алған тұрғындар пәтерлерін сатуға шығара бастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі sinegor.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: gov.kz

28 тамыз күні Ақмола облысы Атбасар қаласында су тасқынан зардап шеккендер үшін салынған жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Алайда бір күн өтпей жатып бірнеше пәтер сатылымға шығарылған. 

"Бүгін біз Атбасардағы пәтерлерді сату туралы бірнеше хабарландыруларды зерттедік. Жарнамада берілген фотосуреттер кешегі атбасарлықтар алған баспанаға қатты ұқсайды. Ақмола облысы әкімдігінің салтанатты тұсаукесерінен бейнежазбаны арнайы салыстырып, жаңа пәтерлердің қандай екенін көрдік. Дәл сол пәтерлер", – делінген жазбада.


"Тағы суға кетсек, үйіміз құлайды": Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындары мәселені шешуді сұрайды


Хабарландырулардан пәтер иелерінің жаңа үйлерін 17 млн мен 20 млн теңгенің арасында бағалағанын көруге болады. 

Айта кетейік, Атбасар биылғы көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен қалалардың бірі. Қаладағы ондаған тұрғын үй қауіпті деп танылған еді.

Еске салсақ, бұған дейін Петропавлда тұрғындар су тасқынынан қираған үйінділер жиналмағанына наразылық білдірген еді. 

Талқылау