Қазақстанда сталкинг бабы бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғалды

Фото: Ru.freepik.com
Ақмола облысының тұрғыны өзінің бұрынғы жігіті ойламаған жерде аңдып, үнемі қоңырау шалып, мазалағанын атйпы, полицияға шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.
Аталған сталкинг фактісі Бұланды ауданында болған.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, қазан айында Макинск қаласының 44 жастағы тұрғыны полиция бөліміне жүгінген. Әйел бірнеше ай бойы бұрынғы жігітінің оның соңынан қалмай, түрлі нөмірлерден ұялы телефонға қоңырау шалып, жұмысына, үйіне келіп, қоғамдық орындарда аңдып жүргенін айтып, шағымданған. Жәбіреленуші 38 жастағы ер адамның бұл әрекеті қолайсыздық тудырып қана қоймай, өзінің өмірі үшін қауіптенетінін айтқан.
“Тексеру барысында белгілі болғандай, қыркүйекте бұрынғы жігітке қатысты учаскелік инспекторлар қорғау туралы қаулы шығарған және сот оған жәбірленушіге жақындауға тыйым салған. Алайда оның сезімі тыйымнан күшті болып шықты. Ол өзінің бұл әрекетін жалғастыра берген. Осылайша жәбірленуші полицияға арыз жазып, оны қылмыстық жауапқа тартуды сұрауға мәжбүр етті”, — деп мәлімдеді ведомство.
Жәбірленушінің аразы негізінде полиция бөлімінің тергеушісі Бекзат Болпанов қымыстық кодекстің 115-1-бабы (Сталкинг) бойынша алдын ала тергеу жүргізді. Тергеу барысында полиция капитаны жәбірленушіден және күдіктіден жауап алды. Сондай-ақ болған жағдайға қатысты куәгерлердің барын анықтады. Ер адам өзінің бұл әрекеттерін қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін жасағанын мойындап, мұның заңсыз екенін және қылмыстық жауапкершілік шеңберіндегі салдарын түсінді.
Ведомствоның мәлімдеуінше, кейін жәбірленуші арызын қайтып алып, істі тоқтатуды сұраған. Сол себепті қадағалау прокурорының келісімімен тергеу аяқталған.
“Сталкинг — бұл “сезім білдіру” емес, адамның психологиялық зиян шегуіне және қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін заңсыз әрекет. Егер сізді біреу аңдып, қажетсіз байланыс орнатуға әрекет жасап, сыртыңыздан бақылап немесе қысым көрсетсе, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет”, – деп ескертті полция қызметкерлкері.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді