Ақмола облысында тыржалаңаш көлге түскен ресейлік әйел жазаланды
Ақмола облысында Ресйден келген әйел көлге тыржалаңаш түскен. Оған айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
29 шілдеде Көкшетау қаласының Полиция басқармасының кезекші бқлімшесіне күндізгі сағат 12.30 шамасында Қопа көліне әйел балалр мен үлкендердің көзінше тыржалаңаш түскені туралы хабарлама келген.
Анықталғандай, ол Ресей елінің Омск қаласынан қонақ ретінде келген 34 жастағы әйел болып шықты. Оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабында, ұсақ бұзақылық бойынша айып тағылды.
Әйел бұл іс-әрекетін ішкен алкогольдік ішімдігі әсер еткенімен байланыстырды. Ол өзіне тиісті айыппұл төледі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”