AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ономастика мәселелері талқыланды

Бүгін Көкшетауда Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен қалалар мен аудандарда осы салаға жауапты мамандардың қатысуымен әдістемелік семинар өтті, онда Ақмола облысының ұлттық топонимиясы туралы зерттеулер барысында анықталған бастапқы тарихи-географиялық атауларын қалпына келтіре отырып, елді мекендерді қайта атау мәселелері талқыланды.

Іс-шараны ашқан ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова соңғы 3 жылда осы салада атқарылған жұмыстардың қорытындыларына қысқаша тоқталды.

"Біздің облыста ономастика саласында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 2018-2020 жылдары 1000 - ға жуық көше мен 30-дан астам елді мекен атауы өзгертілді, көптеген нысандарға танымал тұлғалардың есімдері берілді", - деп атап өтті Гүлмира Кәрімова.

Спикердің айтуынша, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы екі жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп келеді. 

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымы Жамбыл Артықбаев пен ҚР Ұлттық музейінің қызметкері Ирина Бекзатқызының ғылыми ізденістерінің арқасында 120-дан астам елді мекеннің тарихи атаулары табылды, бұл мұрағаттық құжаттармен расталады.

Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Талпақова қатысушылардың назарын ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыруда талаптарды сақтау қажеттігіне аударды.

Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Әсем Жұмағұлова елді мекендер мен оның құрамдас бөліктерінің атауларын өзгертуге қатысты құжаттарды ресімдеу тәртібіне тоқталды.

Атауы өзгерген қазақтың жер-су атауларын қайтадан бұрынғы қазақы қалпына келтіру, тарихи-географиялық атауымен қайта атау – басты мәселелердің бірі. Бірақ бұл мәселені байыппен қарап, ақылмен шешу керек- деп қорытындылады ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр