Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында коронавирус індетіне шалдыққандардың саны артты

Ақмола облысында коронавирус індетіне шалдыққандардың саны өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша облыста корнавирус инфекциясының белгілері байқалған адамдардың саны көбейген. 

"Облыс орталығында қауіпті дерті жұқтырғандардың үшеуі бір отбасының мүшелері – 1976, 1999 жылғы ер адамдар және 1965 жылғы әйел. Сонымен қатар, тағы үш адамнан медициналық көмекке өздігінен жүгінгеннен кейін анықталды. Олар 1965, 1975 жылғы ер адамдар мен 1979 жылғы әйел. Науқастар дене қызуы, тамақтың жыбырлауы және тыныс алудың қиындауына шағымданған", - дейді ведомстводан.

Бірқатар науқас туралы ақпарат берген ведомства өкілдері атқарылған іс-шараларды тілге тиек еткен. 

"Науқастарға бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес медициналық көмек көрсетіледі. Үйде эпидемияға қарсы дезинфекциялау, сондай-ақ, науқастармен байланысты болған адамдары анықтау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіледі", - дейді Ақмола облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Осы ретте, Ақмола облысында қазіргі таңда COVID-19 жұқтырғандардың саны 205 адамды құрайды. Оның ішінде 141 адам жазылып үйлеріне жіберілген.


 

STAN.KZ
Сейсенбі, 16 Маусым, 2020 11:56
Талқылау