Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында «Көкшетау қаламгерлері» кітаптар сериясының тұсаукесері өтті

Бүгін Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасында өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың қолдауымен жарық көрген «Көкшетау қаламгерлері» кітаптар сериясының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

 Алдағы уақытта жалғасын табатын бұл жоба аясында биылғы жылы көкшелік танымал қаламгерлер Ерболат Баяттың «Уақыт шеңбері», Қайырбай Төреғожаның «Көкжиек», Алмас Темірбайдың «Жекебатыр», Ұлмекен Тыныштыққызының «Мен күткен көктем...», Табысбек Үсеннің «Бозжусан» және Абылай Мәуленнің «Лабиринт» атты кітаптары қалың оқырманға жол тартты.
Іс-шара барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мысырәлімова Айна Ермекқызы және ақын, жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жабал Ерғалиев жиылған жұртшылықтың қошеметімен салтанатты түрде жаңа кітаптардың тұсауын кесіп, әдебиет әлеміне ақ жол тіледі.

Тұсаукесердің құрметті қонақтары Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінің басшысы Нұртас Ахатұлы және ақын, жазушы, Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек сынды белгілі тұлғалар сөз сөйлеп, қаламгерлерге жылы лебіздерін білдірді, авторлар кітапқа енген тың туындыларымен жиылған жұртшылықты сүйсіндірді. Өңіріміздің зиялылары мен талғампаз оқырман қауымы мазмұндышараға куәгер болды.
 

STAN.KZ
Бейсенбі, 24 Қыркүйек, 2020 16:19
Талқылау