Ақмола облысында карантиндік шаралар күшейтілді

Ақмола облысында 16 қазаннан бастап карантин шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

65 жастан асқан азаматтардың сыртқа шығуына шектеу қойылады, өйткені коронавирусты жұқтырғандар арасында егде адамдар көп, әсіресе соңғы күндері.

30-дан астам адам еңбек ететін мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің 80%-дан астамы қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылады.

СОО-ға, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерге, жабық базарларға келетін болсақ, олар жұмыс күндері 19.00-ге дейін жұмыс істейді, ал демалыс және мереке күндері мүлдем жұмыс істемейді. Бұл ХҚКО мен діни нысандарға да қатысты.

Кафелер мен мейрамханалар ғимарат ішінде бір уақытта 30-дан аспаса, келушілерге қызмет көрсете алады, ал бұқаралық шараларға тыйым салынады.

"8-14 қазан аралығында бізде 42 жағдай тіркелген болса, ал алдыңғы аптада 30 жағдай болған, 28%-ға өсу байқалады", - деді бас санитар дәрігер Айнагүл Мусина.

Оның айтуынша, әзірге аймақты блок-бекеттермен жабудың қажеті жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр