Ақмола облысында іс-түссіз жоғалған кәсіпкер іздестірілуде
Ақмола облысында үшінші күн жоғалған кәсіпкер ізделуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 мамырда Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны полицияға хабарласты. Ол Щучинскке Toyota Estima Lucida автокөлігімен жұмыс бабымен үйден кеткен күйеуі Руслан Имандиновтің жоғалып кеткенін хабарлады.
Алдымен әйел күйеуін өз бетінше іздеуге тырысты, бірақ сәтсіз іздеулерден кейін ол полицияға жүгінуді жөн көрді.
Жоғалған адамның жеке кәсіпкерлікпен айналысатындығы атап өтілген. Оның қайда екендігі әлі белгісіз.
Жоғалған адамның белгілері: бойы - 170-180 сантиметр, ірі денелі, таз.
Ол киген киім: сұр түсті шорты, қара көйлек, қара кроссовкалар.
Полиция хабар-ошарсыз кеткен Руслан Имандиновтың қайда екендігі туралы ақпараты бар адамдардан 102-ге қоңырау шалуды сұрайды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”