Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында II Халықаралық театр форумы-зертханасы өтуде

Ақмола облысында II Халықаралық "Те-ART-Көкше" театр форумы-зертханасы Зеренді ауданының демалыс орталықтарының базасында өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ақмола форум

Форум қонақтарын облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова қарсы алды.

Облысқа қазақстандық және ресейлік театр қайраткерлері, қазақстандық және ресейлік БАҚ өкілдері, Ресей театр өнері институтының оқытушылары, қазақстандық және ресейлік театрлардың актерлері мен режиссерлері, театр менеджерлері және әдеби бөлімнің меңгерушілері жиналды.

Форум директоры Бейбіт Бақтыгереев аталмыш форум театрға деген сүйіспешілікті арттыратынын және театр өнерін көтеруге барынша тырысатынын атап өтті.

Фестиваль қонағы, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек ұйымдастырушыларға Қазақстанның керемет табиғи аясында кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

"Соңғы бес-алты жылда АОРДТ – ең белсенді қазақстандық театр. Оның директоры Бейбіт Бақтыгереев жыл сайын жаңа жобаларды қолдап, басшылық етуде. Форум бағдарламасы жыл сайын кеңейіп келеді. Бұл жолы да қызық әрі пайдалы болатынына сенімдімін", – деді ол.

Форум жұмысы төрт кластер бойынша жүргізіледі. Ол – актерлік шеберлік, режиссура, менеджмент және шығармашылық продюсерлік  пен театр журналистикасы. Кешке қонақтар спектакльдерді көріп, содан кейін талқыға салады.

Форум спикерлерінің арасында танымал тұлғалар бар.

"Актерлік шеберлік" бірінші секциясын ГИТИС оқытушылары  Рустам Миннибаев, сахналық сөйлеу бойынша  Татьяна Васильева және актерлік шеберлік бойынша Татьяна Морозова өткізді.

Талқылау