Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында Ерейментау ауданында Тілдер күні атап өтілді

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гаухар Сергалиева Тілдер күні аясында 5-16 қыркүйекте онкүндік ұйымдастырылғанын айтты. Оның сөзінше, білім және мемлекеттік мекемелерінде тақырыптық кештер мен фестивальдер өткізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тілдер

Гаухар Сергалиева кітапханаларда кітап көрмелері рәсімделіп, мектеп оқушыларының қатысуымен сайыстар өткенін айтты.  

“Бөгенбай атындағы тарихи мұражайында шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараларға аудан қызметкерлері де қатысты. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер арасында жалпыұлттық диктант өтті.Оқушылар арасында ақындар мүшайрасы өтті. Жыр сайысына 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қатысты. Тілдер декадасында өткен шаралар туралы ақпарат желіде және басылымдарда жарияланды”, – деді ол. 

Гаухар Сергалиева ономастика саласы бойынша да атқарылған жұмыстар туралы көз етті.

“Ауданда 29 елді мекеннің атауы қазақ тілінде. Қазір тарихи идеологиялық мәнін жоғалтқан атауларды ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Аудандағы 172 көшенің атауы қазақша, 42 көшеге орысша атау берілген. Мұндай атауларды өзгерту бойынша 2025 жылға деййін жол картасы бекітілді”, – деп қосты Гаухар Сергалиева. 

Талқылау