Ақмола облысында ер азаматты ұрып соғып, көлікжайда қамап ұстаған
Ақмола облысында 25 тамызда адам ұрлады деген күдікпен Атбасар қаласының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Қылмыскерлердің құрбаны 33 жастағы жергілікті тұрғын 25 тамызда сағат 04.00-де Атбасар аудандық ауруханасына жабық бас сүйек-ми жарақатымен және бас миының шайқалуымен түсті”, – делінген ПД хабарламасында.
Полиция мәліметінше, түнде қылмыскерлер жәбірленушіні гаражда ұстап, оны соққыға жыққан.
“33 және 40 жастағы Атбасар қаласының екі тұрғыны күдікті болып шықты, екеуі де бұрын ҚК 194-бабы, ҚК 188-бабы бойынша сотталған. Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлігі "Адам ұрлау" бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп қосты ПД өкілдері.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”