Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ер адам отбасын құтқарамын деп суға батып кетті

Ақмола облысында ер адам отбасын құтқарамын деп суға батып кетті. Оқиға Шортанды ауданында жабдықталмаған жағажайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

батуАқмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға жағажайлардың бірінде болған. 

 "4 тамыз күні кешке құтқарушыларға баласы бар әйелдің Бозайғыр көлінің ортасындағы суға түсетін балонда, қауіпті аймақта жатқандығы туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар дереу оқиға орнына барып, әйел мен 2012 жылы туылған. Қайғылы оқиға шомылуға арналмаған жабайы жағажайда болған", - дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қанат Доспаев.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары шомылуға қауіпті жабдықталмаған жағажайларға баруды жалғастыра беретіндігін айтады. Құтқарушылар жергілікті полиция қызметімен рейд жүргізуде. Өкінішке орай, адамдар судағы қауіпсіздік шараларын сақтамай жатыр. 

Талқылау