Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ер адам қорасында алтын өндіріп келген

Ақмола облысының Бестөбе кентінде алтын өндіретін жасырын цех табылды. 33 жастағы күдікті қондырғыларды қолдан жасап, қорасында алтын шайған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

алтын

Кеннен алтын алу үшін қондырғының түр-түрін қолдан жасаған. Құрылғылар электр қуатымен жұмыс істейді. Бір қондырғымен кенді уатса, келесі қондырғының көмегімен алтын шыққанша жуған. 

Жасырын кәсіп полицейлердің рейді кезінде анықталды. Әзірге құрамында бағалы металл бар кенді қайдан алғаны белгісіз. Заңсыз кәсіппен қашаннан бері айналысқаны да анықталып жатыр. Қазір тұрғын ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған. 

“Степногор қаласының полицейлері жасырын цехта кварц кенін өңдеп жатқан Бестөбе тұрғынын ұстады. Қылмыстық іс қозғалып, бағалы металлдың заңсыз  айналысы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңсыз цех тәркіленді”, – деді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Талқылау