Ақмола облысында ер адам электр бағанынан құлап, қаза тапты
Ақмола облысында 35 жастағы жұмысшының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Полицияның мәліметінше, қайғылы жағдай Степногорск қаласында болған. Оқыс оқиға туралы полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған.
Белгілі болғандай, жергілікті кәсіпорында электр бағанында жөндеу жұмыстары кезінде 35 жастағы жұмысшы бетон электр бағанымен бірге жерге құлап, мерт болған.
"Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 156 бабының 3-бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сонымен бірге, мемлекеттік еңбек инспекторы оқиғаның мән-жайын анықтауда", – делінген полиция хабарламасында.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн