Ақмола облысында ер адам азаматтық некедегі әйелінің қабырғасын сындырды деп күдікке ілінді
Ақмола облысы Щучинск қаласында 45 жастағы тұрғын азаматтық некедегі жұбайына дене жарақатын салды деп күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Newtimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
3 қыркүйекте Бурабай ауданының бөліміне "Авицена-Бурабай" медициналық мекемесінің қабылдау бөлмесінен "оныншы қабырғаның жабық сынуы, жүрекшенің гематомасы" диагнозы қойылған тұрғын жүгінген.
Тәртіп сақшылары әйелдің тұрмыстық жанжалдан дене жарақатын алғанын анықтады.
Полиция бөлімі бұл фактіні ҚК "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ