Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ер адам 15 жастағы өгей қызын зорлады деп күдікке ілінді

Ақмола облысында 37 жастағы ер адам 15 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді. Қылмыс  наурыз айында болған, бірақ ол енді ғана белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 716.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

14 қараша күні Бурабай ауданында тұратын 56 жастағы әйел 15 жастағы немересімен өгей әкесі зорлағанын мәлімдеді.

Ақмола облысы білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Айнаш Ғалымованың түсіндіруінше, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

“Бізге келген ақпарат бойынша ол расталмады. Бірақ сот-медициналық сараптама тағайындалды, ол жүргізілді. Енді сараптаманың қорытындысын күтіп отыр. Содан кейін бұл факті бойынша полиция бөлімі өз қорытындысын береді. Қазір мен ешқандай мәлімет немесе түсініктеме айта алмаймын", – деп жауап берді Ғалымова.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі Бурабай аудандық ішкі істер бөлімі кәмелетке толмаған қызды өгей әкесі зорлады деген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Арызға сәйкес, қылмыс наурыз айында орын алған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары аясында қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-бөлігі "Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау" қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар жүргізілуде.Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деп атап өтті департаментте.

Талқылау