Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында екі жігіт түн ішінде бойжеткенді ұрып-соғып кетті

Ақмола облысында екі ер адам бір қызды ұрып-соғып кетті. Оқиға түнде кафелердің бірінің жанында болған.

Ішкі істер министрі: Зорлық қылмысы үшін қатаң жаза беру керек

Күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ішкі істер министрлігінің ресми сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11 қазан күні түнде Целиноград облыстық полиция басқармасының кезекші бөліміне 25 жастағы қыздан арыз түсті. Ол кафелердің бірінен алыс емес жерде екі белгісіз адамның оған дене жарақатын келтіріп, телефонын тартып алмақ болғанын айтты.

Жәбірленушінің айтуынша, жастар одан телефонын сұрап, хабарласып алуын өтінген. Бірақ олар ұялы телефонды қайтаруға асықпағанын айтты. Сондықтан қыз ашулана бастайды. Ал екі жігіт бойжеткенді ұрып, телефонын сындырады. Содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Жәбірленуші полицияға жүгінді. Күдіктілер ұсталды. Олар жатақханалардың бірінің 23 және 24 жастағы екі тұрғыны болып шықты. Аталған фактіге қатысты "Қарақшылық шабуыл" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Мөлдір Төлебай
Сейсенбі, 12 Қазан, 2021 17:30
Талқылау