Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында екі келіншек күйеулерін тонап кетті

Ақмола облысында екі келіншек күйеулерін тонап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ақмола облысында екі келіншек күйеулерін тонап кеттіАқмола облысында өз күйеулерін тонаған екі әйел ұсталды. Полиция департаментінің хабарлауынша алаяқтық ісі облыстың әртүрлі аймақтарында орын алған. 

"29 шілде күні  Целиноград ауданы Новоишимки ауылының 40 жастағы тұрғыны жергілікті полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреулер оның үйіне кіріп, сейфті сындырып, 250 мың теңге ұрлап кеткенін айтты. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы әйел ұсталып, ол жәбірленушінің азаматтық некедегі бұрынғы әйелі болып шыққан", - деп хабарлады департамент. 

Бұған дейін бұл оқиға қайталанғанын естеріне алды департаменттегілер. 7 шілдеде Целиноград ауданы Талапкер ауылының 38 жастағы тұрғыны әлде кімдер үйінің пластикалық терезесін сындырып, 300 мың теңгені ұрлап кеткенін хабарлаған.

"Бұл жағдайда ақшаны ұрлаған адам жәбірленушіден кешірім сұрап хат жазған. Ақшаны екі аптаның ішінде қайтаратынын жеткізген. Оған қоса, хатпен бірге10 мың теңге бірге жіберілген болатын. Полиция қолжазбаны тексеріп, нәтижесінде күдіктіні анықтаған. Жедел іс-шараларды жүргізу кезінде жәбірленушінің әйелі, Талапкер ауылының 26 ​​жастағы тұрғыны ақшаны ұрлап кеткені анықталған", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бінші оқиға бойынша ерлі-зайыптылар азаматтық некеде тұрғандықтан жәбірленушінің шағымы ескерілмей, іс тоқтатылған. Екінші жағдай бойынша, істің қылмыс екені дәлелденген жоқ. Өйткені бұл қаражат ерлі-зайыптылардың бірлесе тапқан мүлкі болып шыққан.

Талқылау