Ақмола облысында блок-бекеттер орнатылды

COVID-19-дың таралуын тежеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

блок

Ведомствоаралық комиссия төрағасы облыстағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылдың 9 қарашасынан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдады, атап айтқанда:

• Көкшетау қаласының периметрі бойынша блок-посттар орнатуды;

• күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарлық блок-посттар орнатуды; 

• Көкшетау-Алматы, Көкшетау-Ақтау бағыттары бойынша әуе қатынасын аптасына 2-ден 1 рейске дейін қысқартуды;

• Көкшетау-Қызылорда бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына 7-ден 3 ретке дейін қысқартуды;

• жолаушылар темір жол құрамдарының облыс ішінде аялдауына тыйым салуды (облыс әкімдігі белгілеген жерлерді қоспағанда);  

• діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;

• жұмыс күндері үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда, 30-дан кем орындық объектілер үшін есептік орындардың 50%-ынан аспайтын жағдайда сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін, жұмыс режимін қысқарта отырып шектеуді;

• жұмыс күндері сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, көлемі 500 шаршы метрден астам азық-түліктік емес дүкендердің жұмысын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеуді;

• стратегиялық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өндірістік процесті қамтамасыз ететін жұмыскерлерін қоспағанда, облыс елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысын сағат 23:00-ден сағат 06:00-ге дейін шектеуді;

• 65 жастан асқан адамдарға азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерінен шықпауды ұсынуды;

• қызметкерлердің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіруді;

• офлайн режимде кеңестер өткізуге тыйым салуды тапсырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр