Ақмола облысында бір отбасының үш адамы жол апатынан көз жұмды
7 сәуір күні шамамен сағат 14.00-де Ақмола облысының Борисовка ауылының маңында үш көлік соқтығысты. Апат салдарынан үш адам қайтыс болды, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Атбасар облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Апат Атбасар-Көкшетау тас жолының 164 шақырымында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Атбасар ауданы, Полтавка ауылының 24 жастағы тұрғыны ВАЗ-2110 автокөлігімен қарсы келе жатқан ГАЗельмен соқтығысқан. Үш адам қайтыс болды. ГАЗель көлігінің жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, полиция сол жерде тексеру жұмысын жүргізіп жатыр. Қайтыс болған отбасының туыстарына көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, Ақмола облысының полиция департаменті ауыр соққыдан ГАЗель газ жабдығы жарылғанын атап өтті.
«Аталған факт бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Тергеуде оқиғаның барлық мән-жайларын анықталады», - деп қорытындылады департамент.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
